Босқындар бейнесі жылдың үздік суреті боп танылды

Фотография - Босқындар бейнесі жылдың үздік суреті боп танылды

Биыл екі ресейлік фотосуретші World Press Photo байқауының лауреаты атанды.

224 0

Фотожурналистер арасындағы ең танымал World Press Photo 2016 фотосайысының басты аталымы — "Жыл фотосуретін" австралиялық Уоррен Ричардсон жеңіп алды. 

Оның венгр-серб шекарасында тікенек сымдары бар дуалдар арқылы баланы көтеріп, бір-біріне өткізіп жатқан босқындардың суреті үздік деп танылды.

Биыл екі ресейлік фотосуретші World Press Photo байқауының лауреаты атанды. "Спорт" аталымында "Ветлугадағы хоккей" дейтін фототарихы үшін Владимир Песня марапатталды. Тағы бір ресейлік — Сергей Пономарев "Жаңалықтар" аталымында Еуропаға келіп жатқан босқындар туралыы фоторепортажы үшін марапатқа ие болды. Пономарев World Press Photo сыйлығын екінші рет қатарынан жеңіп алды. 2015 жылы ол Газа секторындағы фотосуреттерінің топтамасы үшін сыйлыққа ие болған еді. 

centralasian.org



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!