Қытай студиясы Universal pictures үшін 250 миллион доллар бөледі

Фотография - Қытай студиясы Universal pictures үшін 250 миллион доллар бөледі

Компания жаңа технологиялар арқылы фильм түсірудің қыр-сырын голливудтық әріптестерінен үйренеді

184 0

Қытайдың Perfect World Pictures студиясы белгілі голливудтың Universal Pictures компаниясына 250 миллион АҚШ доллар бөледі. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлайды.

"Perfect World Pictures студиясы үшін бұл маңызды қадам болары сөзсіз. Компания жаңа технологиялар арқылы фильм түсірудің қыр-сырын голливудтық әріптестерінен үйренеді. Сондай-ақ, Universal Pictures өнімдері Қытай нарығында бұрынғысынан да жоғары сұранысқа ие болады", – дейді Internet consultancy Analysys компаниясының сарапшысы Хуан Гофэн.

Келісім жасалғаннан кейін алдағы 5 жыл көлемінде студия 50 фильм түсіреді деп күтілуде. Perfect World Pictures бірігіп түсірілген фильмдерден түскен пайданың 25 пайызын иеленеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!