АҚШ әуе күштері Ливия аумағында соққы жасады

Фотография - АҚШ әуе күштері Ливия аумағында соққы жасады

Соққы лаңкестер жасырынған бекініске бағытталған

376 0

АҚШ әуе күштерінің Ливияның батысына жасаған соққыларынан 30-ға жуық содырдың көзі жойылды. .

Шабуылды жасаудағы негізгі мақсат 2015 жылы Тунистегі екі террорлық әрекетке қатысы бар Нуреддин Шушанның көзін жою болатын. Алайда әуе соққысынан оның қаза болғаны туралы мәлімет жоқ. Лаңкестер бекінісіне жақын маңайдағы Сабрата қаласының билігі соққыдан 41 адамның қаза болғанын мәлімдеген. Ал жергілікті арналар 46 адам мерт болды деп хабарлады. Бұған дейін ресми Вашингтон Солтүстік Африкадағы бұл елге жасырынған «Ирак пен Левант» лаңкестеріне қарсы соққы жасауы мүмкін екенін мәлімдеген. Өз кезегінде АҚШ Президенті Барак Обама лаңкестік топтардың Ливияға бекінуіне жол бермейтінін айтқан болатын.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!