Қырғызстанда радикалдарды мұсылман қабіріне жерллемейтін болды

Фотография - Қырғызстанда радикалдарды мұсылман қабіріне жерллемейтін болды

Республикалық полиция қызметкерлері радикалдарға деген тұрғындардың көзқарасы да қарсы екенін айтады

267 0

Қырғыз елінің имамдары Ислам дінін қабылдағанымен, радикалды бағыттағы топтарға еніп кеткен жандардың мұсылмандар қабіріне жерленбейтінін айтып отыр. Қазіргі уақытта Қырғызстанның көптеген аудандарында мешіт имамдары жергілікті халыққа бұл жайында айтып та келеді. Осылайша, қырғыз имамдары халықты эктремистік бағыттағы ағымдарды сақтандыруды көздеп отыр.

"Айтылған талапты орындамаған мешіт имамдарының жазаға тартылатыны жайлы да ескертілді", – дейді қырғыз елінің Алабукин ауданындағы жергілікті тұрғындардың бірі. айта кетейік, дәл осы ауданда зерттеушілердің айтуынша, 70-ке жуық ағым мүшелері тұратын көрінеді.

Республикалық полиция қызметкерлері радикалдарға деген тұрғындардың көзқарасы да қарсы екенін айтады. Жақында осы ауданның бір тұрғыны Сириядан қайтып келген көршісін басқа жаққа көшіру туралы арызданып келген. Оның айтуынша, әлгі адам жастар арасында эктремистік насихат таратуы бек мүмкін.


muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!