Еуропадағы босқындар Иракқа қайтып жатыр

Фотография - Еуропадағы босқындар Иракқа қайтып жатыр

Берлиннен Бағдадқа жол тартқандардың қарасы күн сайын артып келеді.

382 0

Туристік компания өкілдерінің айтуынша кезінде Ирактан келген келімсектер жаппай отанына оралып жатыр.

Олардың басым бөлігі Германияға өз отбасын әкелуді жоспарлаған. Жақында ғана мыңдаған босқын тәуекелге бел буып, Жерорта теңізі арқылы Германияға жеткен болатын. Жат елден жылу таппаған мигранттардың ендігі діттегені қайтадан отанына оралу болып отыр. Берлин-Бағдад рейсі бойынша осы уақытқа дейін 2 мың мигрант үйіне қайтып үлгерді. Өткен жылы айына 50 босқын туған жерге оралса, биыл бұл көрсеткіш 10 есе артқан. Ұшақтағы орындар саны шектеулі болғандықтан, билеттерді бір ай бұрын сатып алуға тура келеді. Еуропаға жету үшін 10 мың еуро жұмсаған адамдардың қайтар жолына қаражаттары жоқ.

Соңғы мәліметтерге сай, Германиядан 37 мың мигрант кеткен. Олардың 87%-ы – Балқан елдерінің тұрғындары. Бірақ бұған қарамастан, босқындар санының азаятын түрі көрінбейді. Себебі, күн сайын мұнда заңсыз келіп жатқандар саны 2 мыңға жетеді.

24.kz.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!