Дональд Трамп Рим папасының сынына жауап қайтарды

Фотография - Дональд Трамп Рим папасының сынына жауап қайтарды

Рим папасы Трамптың АҚШ пен Мексика арасында қорған тұрғызу туралы бастамасын сынаған

308 0

Америка президенттігіне үміткер, атышулы исламофоб Дональд Трамп Рим папасының өзі жайлы айтқанын сынына жауап қайтарды.

"Егер күндердің бір күнінде *ИГСИМ Ватиканға шабуыл бастаса, (ал бұл лаңкестердің басты мақсаты), Рим папасы менің президентім болуымды сұрап жалбарынсын. Өйткені, ИСИМ-ді жер бетінен тек мен ғана жойып жібере аламын", – дейді миллиардер.

Жақын күндері Рим папасы Трамптың АҚШ пен Мексика арасында қорған тұрғызу туралы бастама көтеріп, даурығып жүргеніне байланысты: "Көпке пайдасы тиер көпір емес, араны алшақтатын қорған тұрғызуға жанталасып жүрген жанның қылығы христиандыққа жатпайды", – деп айтқан болатын.


*ИГСИМ - Қазақстан аумағында қызметіне тиым салынған террористтік ұйым.


muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!