Түркияда үш сарбаз қаза тауып, төртеуі жараланған

Фотография - Түркияда үш сарбаз қаза тауып, төртеуі жараланған

Тағы 4 сарбаз жарақат алған

241 0

Түркияның Диярбақыр қаласында арнайы операция жүріп, үш сарбаз қаза тапты. Көпқабатты ғимарат опырылып түсіп, сарбаздар үйінді астында қалып қойған. Тағы 4 сарбаз жарақат алғанымен, аман шықты. Әзірге ғимараттың қалай құлағаны белгісіз. Айта кетейік, қалада лаңкестік әрекеттердің көбейіп кетуіне байланысты 3 ай бұрын коменданттық сағат жарияланған болатын. Түрік армиясының мәліметі бойынша осы күнге дейін содырлармен болған қарулы қақтығыстар кезінде 200-ге жуық жауынгер қаза тауыпты, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!