Фиджиде дүлей дауылдан мұхит толқынының биіктігі 12 метрге жетті

Фотография - Фиджиде дүлей дауылдан мұхит толқынының биіктігі 12 метрге жетті

Ал ел ішінде ойран салған Winston дауылынан бір адам көз жұмған

346 0

Фиджиде 3 рет жер сілкінді. Әрқайсысының қуаты 5 балдан кем түспейді. Бұдан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Ал ел ішінде ойран салған Winston дауылынан бір адам көз жұмған, деп хабарлады 24.kz.

Дүлей дауылдың екпіні сағатына 300 шақырымнан асып, мұхит толқынының биіктігі 12 метрге жеткен. Жергілікті билік уақытша тұрақтауға арналған орталықтар ашып, коменданттық сағат режимін енгізді. Әсіресе, шалғай аралдарда орналасқан ауыл халқына қиын болып отыр. Онда дауыл соңы тасқын мен лай көшкініне ұласқан. Елде қазір халықаралық әуе қатынасы тоқтап тұр. Айта кетейік, Фиджи Республикасы – Тынық мұхиттың оң жақ бөлігінде 300-ден астам аралға шашырай орналасқан 900 мыңдай халқы бар мемлекет.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!