Таиланд курорттары қатаң бақылауға алынды

Фотография - Таиланд курорттары қатаң бақылауға алынды

Былтыр тамызда Бангкоктің қақ ортасында жарылыс болып, 20 адам ажал құшқан еді

363 0

Таиланд курорттары бақылауға алынды. Себебі, жергілікті барлаушылардың қолына «елдің оңтүстігіндегі сеператистер лаңкестік әрекеттер дайындап жатыр» деген ақпарат түскен. Осыған байланысты туристер көп шоғырланатын орындарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Естеріңізге сала кетейік, былтыр тамызда Бангкоктің қақ ортасында жарылыс болып, 20 адам ажал құшқан еді. Бірақ билік мұны лаңкестік әрекетке баламай, адамдарды заңсыз тасымалдаумен айналысатын өзге елдердегі қылмыстық топтың шабуылы деп мәлімдеді, деп хабарлады 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!