Мысыр соты 4 жасар балаға өмірлік жаза берді

Фотография - Мысыр соты 4 жасар балаға өмірлік жаза берді

Төрт жастағы балаға сегіз рет адам өлтіруге оқталу және тағы басқа айыптар тағылып отыр

480 0

Мысыр елінің астанасы Египетте тұратын төрт жасар бала кісі өлтіргені үшін өмірлік жазаға кесілген. Бұл туралы The Daily Mirror ақпарат құралы жариялап отыр. 

Төрт жастағы балаға сегіз рет адам өлтіруге оқталу, вандализм, мемлекет мүлкін және қызметтік көлікті қирату, сондай-ақ полицейлер мен әскерилерге қоқан-лоқы көрсету деген сияқты айыптар тағылған. Сотталушының құқырқорғаушысы сот төрағасының іс материалдарын оқымастан қол қоя салғанына сенімді болып отыр.

"Ахмед Мансур Карнидың туу туралы куәлігі іздеу жұмыстарының ішінде болған. Кейіннен есімі күдіктілердің қатарына еніп кеткен. Ал, істі әскери соттың қарауына жіберген. Әрине, төрт жастағы Карни бұл сотқа келмейді. Сөйтіп, сырттай сотталып кете барған", – дейді ол. Тағы бір күлкілісі – сот материалы бойынша, Карнидың қылмыс жасаған кезіндегі жасы екіге енді жеткені.

Ол бұл жағдай Египетте әділет жоқтығын, бассыздық жайлағанын білдіреді дейді. Көптеген құқыққорғаушылар Египетте күн сайын тәртіп сақшылары адамдарды түкке тұрмайтын себептермен ұрып-соғып, тергеуге алатынын айтады. Алайда, бұл айтылғандар Каир билігі теріске шығарумен келеді, деп жазды muslim.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!