Әлемдегі ең ескі көйлектің тігілген уақыты анықталды

Фотография - Әлемдегі ең ескі көйлектің тігілген уақыты анықталды

"Тархан" деген атау берілген бұл көйлек қазір Лондонның Виктория және Альберт музейінде сақталып тұр,

512 0

Жер шарындағы ең ескі көйлек қашан тігілді? Египет жерінен осыдан 100 жыл бұрын табылған көйлекті радиокөмірсутекті әдіспен зерттеген Британия ғалымдары мәлімдеме жасады. 

Оқымыстылардың айтуынша, бұл көйлек осыдан шамамен 5,5 мың жыл бұрын тігілген. Бұл көйлекті қолынан шынымен де іс келетін шебер тігінші ауқатты отбасынан шыққан әйелдің тапсырысы бойынша тіккен. Ақшыл-сары түсті таза табиғи матадан тігілген киімнің ұзындығы қанша сантиметр болғаны жұмбақ күйі қалады. Себебі ол етегі жыртылып қалғаннан кейін табылды. "Тархан" деген атау берілген бұл көйлек қазір Лондонның Виктория және Альберт музейінде сақталып тұр, деп жазады informing.ru. 

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!