Лаңкестер Алеппоға барар жалғыз жолды бөгеп тастады

Фотография - Лаңкестер Алеппоға барар жалғыз жолды бөгеп тастады

Башар Асадтың жақтастары содырларға қарсы шабуыл жасауға дайындалып жатыр

307 0

Сирия үкіметінің әскерлеріне Раш Аль-Нафал елді мекенінен кері шегінуге тура келді. Бұл туралы Al Masdar хабарлайды.

*ИСИМ ұйымының содырлары Сирия әскерилерінің Алепподағы бекінісіне шабуыл жасап, басып алды. Қазір олар Алеппоны террористерге тиесілі аудандармен байланыстыратын жалғыз жолды жауып тастаған.

Осыған байланысты Башар Асадтың жақтастары содырларға қарсы шабуыл жасауға дайындалып жатыр.

 Маңызды бекініс болып табылатын Алеппо провинциясын басып алу үшін сириялық сарбаздарға Иран және Ресей әскерилері қолдау көрсетуде, деп хабарлайды informing.ru.

*ИСИМ - Қазақстан аумағында қызметіне тиым салынған террористтік ұйым.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!