Лаңкестер құн төленген христиандарды босатты

Фотография - Лаңкестер құн төленген христиандарды босатты

Экстремистер дәл бір жыл бұрын 230 христианды кепілдікке алған болатын.

293 0

"Ирак пен Левант лаңкестік тобы" тұтқынға алған 40-қа жуық ассириялық христианды бостандыққа жіберді. 

Олар үшін миллиондаған доллар төленген. Негізі экстремистер дәл бір жыл бұрын 230 христианды кепілдікке алған болатын. Босатылған тұтқындар қазір Сирияның солтүстік-шығысындағы Таль Тамр қаласына келе жатыр. Содырлар басында 18 миллион доллар сұрапты. Кейін бірнеше келіссөздерден кейін бұл сома біраз төмендеген. Бірақ қанша көлемге дейін кемітілгені белгісіз. Айта кетейік, адамдарды тұтқынға алып, олар үшін құн сұрау – "Ирак пен Левант лаңкестік тобының" негізгі табыс көздерінің бірі.

*ИГИЛ (ДАИШ) – ҚР аумағында қызметіне тиым салынған террористтік ұйым. 

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!