Грекияда бес мыңдай босқын Македонияға өте алмай отыр

Фотография - Грекияда бес мыңдай босқын Македонияға өте алмай отыр

Бұған дейін Скопье Ауғанстаннан келген босқындар үшін мемлекетке кіруге тыйым салған

214 0

Грекияның Македониямен арадағы шекарасында көрші ел аумағына өте алмаған бес мың мигрант әуре-сарсаңға түсті.

Өйткені бұған дейін Скопье Ауғанстаннан келген босқындар үшін мемлекетке кіруге тыйым салған. Қазір мұнда тек Сирия мен Ирактан келген азаматтар ғана жіберіліп жатыр. Осы ретте діттеген жеріне жете алмаған мигранттар ереуіл ұйымдастырған болатын. Бұл жағдай Грекия билігінің де алаңдаушылығын тудырып отыр. Өйткені соңғы бір апта ішінде ғана Эллада еліне 17 мың мигрант келген екен.

Тамим Дост, Ауғанстаннан келген мигрант:
 - Бізді неге елге кіргізбей отыр? Басқа миранттардан айырмашылығымыз қандай? Билік бұл уақытша шара дейді. Алайда мұнда жүргенімізге 4 күн болды.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!