Атыраулық әжелер жаппай таэквондомен шұғылданып жатыр

Фотография - Атыраулық әжелер жаппай таэквондомен шұғылданып жатыр

Топтың ең жас қатысушысының жасы 60-та, ең үлкені – 79-да.

298 0

Атыраулық әжелер спортқа бет бұрып, таэквондомен шұғылданып жатыр деп хабарлайды Ақ жайық басылымы.

Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушы, үшінші дан қара белдігінің иесі Қабибек Мұхитов "Тхоньил" кәріс этномәдени бірлестігінің төрағасы Людмила Лиге таэквандо секциясын ашуды ұсынғанда шәкірттері осындай қарт адамдар болатынын болжамаған да болар.

"Басында балаларды жинау керек деген ойда болғанбыз, алайда Людмила Валентиновамен сөйлескеннен кейін мен олардың бірлестіктерінде үлкен адамдардан жиналған белсенді ұжым – "Саранг" аталар мен әжелер хоры бар екенін білдім. Осылайша әңгіме барысында осы адамдардың денсаулығын көне кәріс соғыс өнерін үйрену негізінде жақсартуға жағдай жасау идеясы туындады. "Сарангте" бұл ойды қуана құп көрді. Бұл топ бір айдан бері жаттығып жатыр, әзірге 17 адам, болашақта бұдан да көбейеді деп ойлаймын",- дейді бапкер.

Әсіресе әжелер бұған құлшына кірісті. Әзірге тек екі ата ғана бар. Топтың ең жас қатысушысының жасы 60-та, ең үлкені – 79-да. Алайда, олардың айтуынша, жастары бұл жаттығулар кезінде еш кедергі келтірмейді екен.

"Мен таэквандомен айналысуға мүмкіндік бар екенін білгенде, бірден жазылдым. Бірінші кезекте өзім үшін, өз көңіл-күйім мен денсаулығыма пайдалы. Жаттығулардан қуат аламын, шыққаннан кейін өзімді тау қопаратындай сезінемін", - дейді Людмила Николаевна Тян.

Осы бір ерекше топтың жаттықтырушысы өз тарапынан шәкірттерінің жаңа бір әсер беретінін айтты:

"Мен көбіне жастармен және балалармен жұмыс жасаймын. Ал мұнда үлкен жастағы адамдар. Олар жастардан еш қалыспайтындығын айтқым келеді. Олардың тәртібі мен ынталарына таң қаласың. Сенесіздер ме, соларға жаттығу жасатып жүріп, өзімнің екінші тынысым ашылғандай болды", - дейді бапкер.

Қазір осы топтың қатысушылары ресми түрде клуб ретінде тіркеліп, атыраулықтар ортасында саламатты өмірді қалыптастыруды насихаттаумен айналысу туралы ойланып жүр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!