Керри: Сирияда бейбітшілік орнамаса, АҚШ басқа жоспарға көшеді

Фотография - Керри: Сирияда бейбітшілік орнамаса, АҚШ басқа жоспарға көшеді

Бұл сөздер АҚШ пен Ресей Сирияда 27 ақпаннан бастап қорлық-зорлықты тоқтату туралы келісімге келгеннен кейін айытылып отыр.

241 0

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Дамаск пен Мәскеу Сириядағы саяси келіссөздерге ынта білдірмеген жағдайда Вашингтон арнайы "Б" жоспарын жүзеге асыруы мүмкін екенін ескертті. 

23 ақпанда сенаттың шетелдік істер жөніндегі комитеті алдында сөйлеген сөзінде Керри бесжылдық қақтығысты тотқтатуға деген Ресейдің шын мүддесі анықталатынын мәлімдеді.

Бұл сөздер АҚШ пен Ресей Сирияда 27 ақпаннан бастап қорлық-зорлықты тоқтату туралы келісімге келгеннен кейін айытылып отыр.

Қазір Сириядағы соғыс жалғасуда. Британиядағы сириялық адам құқығы жөнінегі Обсерватория "Ислам мемлекеті" тобының содырлары Ханасер қаласын басып алғанын, сөйтіп үкіметтік әскер бақылауындағы Алеппо қаласының солтүстік бөлігіне апаратын жолды жауып тастағанын хабарлады. 

*ИГИЛ (ДАИШ) – ҚР аумағында қызметіне тиым салынған террористтік ұйым. 

centralasian.org



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!