АҚШ-тың Гуантанамо абақтысын жабу туралы жоспары дайын

Фотография - АҚШ-тың Гуантанамо абақтысын жабу туралы жоспары дайын

Қазіргі уақытта мұнда 91 бір адам жазасын өтеп отыр

94 0

АҚШ шенеуніктері Кубадағы АҚШ әскери базасына орналасқан Гуантанамо абақтысын жабу туралы жоспардың дайын екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта мұнда 91 бір адам жазасын өтеп отыр. Шенеуніктердің айтуынша енді олар Оңтүстік Каролина, Канзас және Колорадо сынды құрама штаттардағы 7 түрмеге көшірілуі мүмкін. Бұған дейін президент Барак Обама осы абақтының тиімсіз екенін айтып, оны жабу бастамасын талай көтерген. Алайда АҚШ аумағына террорлық шабуыл жасағысы келген аса қауіпті қылмыскерлерді көшіруді конгерсс мүшелері қолдамады. Пентагонның болжауынша абақтыны жою үшін кем дегенде жарты миллиард АҚШ доллары жұмсалады. Айта кету керек, Гунтанамо түрмесі 2001 жылы 11 қыркүйекте болған лаңкестік әрекеттен кейін ашылған, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!