"Марс" және "сникерс" шоколадтары сатылымнан алынып тасталуда

Фотография - "Марс" және "сникерс" шоколадтары сатылымнан алынып тасталуда

Оған Германияда тұтынушылардың бірі шоколадтан пластикалық дененің бөлігін тауып алуы себеп болып отыр.

399 0

АҚШ-тың Mars кондитерлік компаниясы 4 миллион шоколад кәмпитін сатылымнан алып тастау жұмыстарын бастады. Оған Германияда тұтынушылардың бірі шоколадтан пластикалық дененің бөлігін тауып алуы себеп болып отыр. Бұл туралы euronews.com-ға сілтеме жасаған egemen.kz хабарлайды.

Дүкен сөрелерінен алынатын өнімдердің ішінде "Марс", "Сникерс" және "Милки Вэй" шоколадтары бар. Тәттілердің бұл партиясы Нидерландының Вехель қаласында дайындалған екен. Әлемнің 55 еліне тарап үлгерген кәмпиттерді бүгінде кері қайтару жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Назарға іліккен шоколадтардың жарамдылық мерзімі осы жылдың маусым айы мен келесі жылдың қаңтар айына дейін екенін атап өткен жөн.

Әзірге пластиктің кәмпиттің ішіне қалай түскені белгісіз. Бірақ тауып алған тұтынушы оның өте өткір екенін айтып, балалардың жарақат алуы мүмкін екенін де еске салған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!