Сирияның оппозиция күштері оқ атпау режиміне келісті

Фотография - Сирияның оппозиция күштері оқ атпау режиміне келісті

Бұл туралы "Әл-Арабия" арнасы хабарлады

174 0

Сирияның оппозициялық күштері екі апта бойы елде оқ атпау режиміне келісім берді. Бұл туралы "Әл-Арабия" арнасы хабарлады.

Режимнің енгізілуіне 20 ақпан күні АҚШ пен Ресей Женевада қол жеткізіп, аймақта соғыс жүргізіп жатқан барлық топтарды бастаманы қолдауға шақырған еді. Жалпыға ортақ тәртіп 27 ақпаннан бастап күшіне енеді. Сирия президенті Башар Асад 13 сәуірде кезекті парламент сайлауының өтетінін хабарлап жіберді. Дегенмен елдегі жетекші оппозициялық фракция бұл сайлауға қатысудан бас тартты. Айтуларынша елдегі дағдарысты еңсеріп, соғысты тоқтатпай, сайлау өткізу қате қадам. Ал БҰҰ сәл де болса тынышталып қалған Сирияның Дайр-эз-Заур қаласына алғашқы гуманитарлық көмекті жөнелтті. Соңғы мәліметтерге қарағанда ұшақ арқылы тасымалданған 21 тонна жүк діттеген жеріне жеткен.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!