Иракта лаңкестер мешітке шабуыл жасады

Фотография - Иракта лаңкестер мешітке шабуыл жасады

Қаланың Эш-Шула ауданында орналасқан мешіттердің бірінде екі жанкешті өздерін жарып жіберді.

209 0

Ирак мемлекетінің астанасы Бағдад қаласында жанкештілердің лаңкестік әрекеттерінен 15 адам мерт болды. Сондай-ақ, 50-ге жуық адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Қаланың Эш-Шула ауданында орналасқан мешіттердің бірінде екі жанкешті өздерін жарып жіберді. Олардың бірі белдікке оралған жарылғыш заттарын мешіт ішінде іске қосса, екіншісі оқиға орнына тәртіп сақшылары келген сәтте жоспарын жүзеге асырған. Полиция қызметкерлерінен 4 адам мерт болды.

Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын экстремистік топтардың мүшелері Рамади қаласында шабуыл жасап, 13 адам қаза тапқан. Сондай-ақ, атышулы лаңкестер осыған дейін бірнеше мәрте ғибадат орындарында террорлық әрекетке барып, тарихи орындарды жермен жексен еткен.

Жалпы содырлар ұйымы 2014 жылдың жазынан бері Ирактың солтүстігі мен батысында шабуыл жасап келеді. Әлемдік қолдау мен майдан алаңындағы жеңістеріне қарамастан ел басшылығы әлі күнге дейін билікті толығымен өз қолдарына ала алмай келеді. Ирак жерінің үштен бір бөлігі лаңкестер тобының басқаруында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!