Филипинде Қытайға қарсы наразылық акциясы өтті

Фотография - Филипинде Қытайға қарсы наразылық акциясы өтті

Шараға негізінен Вьетнам, Жапония және Мьянма секілді елдерден келіп, оқып жатқан студенттер қатысты

345 0

Филиппинде 300-ден астам шетелдік студент пен жергілікті белсенді осы елдегі Қытай консулдығының алдына жиналып, наразылық акциясын өткізді.

Шараға негізінен Вьетнам, Жапония және Мьянма секілді елдерден келіп, оқып жатқан студенттер қатысты. Олар «Бейжің Оңтүстік Қытай теңізінде халықаралық құқықты бұзып, басқа елдерге қауіп төндіріп отыр», - дейді. Мәселен алпауыт Қытай бұл теңіздегі бірнеше елдің мүддесі бар аралдарға таласып, онда ұшақ алаңын радар және басқа да әскери қондырғыларды тұрғызған болатын. Өйткені олар «теңіздегі бірқатар аралға тарихи құқығымыз бар» деп санайды. Ал даулы жерлерге бес ел таласып отыр.

Эмбер Ли, Филиппиндегі Вьетнам студенттері қауымдастығының өкілі: - Бұл жерге жиналған себебіміз, Бейжіңнің Оңтүстік Қытай теңізіндегі басқыншылық әрекеттері мен онда қару жеткізіп жатқанына наразы екенімізді білдіргіміз келеді. Қытай ол жерден барлық қару-жарағын алып кетсін, біз осындай қадамға шақырамыз. Қорқыту мен қарулануды тоқтату керек.

24.k


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!