Түркияда сотталған Cumhuriyet журналистері босатылды

Фотография - Түркияда сотталған Cumhuriyet журналистері босатылды

Журналистердің босатылуына Түркия Конституциялық сотының қаулысы себеп болды

183 0

Cumhuriyet басылымының бас редакторы Джан Дюндар мен Анкара бөлімшесінің басшысы Эрдем Гүл бостандыққа шықты.

 Естеріңізге сала кетсек, олар "түрік барлау қызметінің Сириядағы террористерге жасырын түрде қару жеткізіп отырғандығы" туралы мақала жазғандары үшін 2015 жылы қарашада түрмеге қамалды.

 Журналистердің босатылуына Түркия Конституциялық сотының қаулысы себеп болды. Қаулыға сәйкес, түрік билігінің Сирия содырларымен байланысын әшкерелеген журналистерді тұтқындау кезінде олардың құқықтары бұзылған, деп жазады ТАСС. Сол себепті сот журналистерді ұстау кезінде олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді тиісті органдарға бұйырды.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!