ХАМАС ұйымы Израильге шарт қойды

Фотография - ХАМАС ұйымы Израильге шарт қойды

Соңғы қақтығыс 2014 жылы болған еді.

210 0

Ұйымның таратқан мәлімдемесіне сәйкес: егер ресми Иерусалим Газа аймағындағы сауда портының құрылысына кедергі жасайтын болса соғыс қайта басталады.

 ХАМАС өкілінің айтуынша, порттың жобасы дайын, әрі қаржы да бөлінген. Қазіргі уақытта Газа аймағы үшін порттың пайда болуы оны экономикалық тұйықтан алып шығатын жалғыз жол болып тұр. Анклавты әлеуметтік апаттан сақтап қалатын да осы. Себебі жұмыссыздық 60%-ға жетті. Айта кеткен жөн, мұнда әскери қақтығыстар екі жыл сайын қайталанып келеді. Соңғы қақтығыс 2014 жылы болған еді. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі уақытта тараптар соғыс қимылдарына мүдделі емес.

Яков Кедми, әскери сарапшы:
 - Израиль Газа аймағында ХАМАС тәртібін де, өзін де жоюға мүдделі емес. Олай істесе, Газа аймағындағы билік толығымен автономияға, яғни ФАТХ-қа өтіп кетеді. Тиісінше, олар күшейе түседі. Бұл дегеніңіз, келіссөздердің басталуына кедергі болады. Ал келіссөздердің басталмай жатып аяқталуына біздің үкімет мүдделі емес. ХАМАС әскери тұрғыдан әлсіз. Олар көрші елдерден қаржылай, саяси қолдау таппайды. Сондықтан екі елдің билігі қарулы қақтығысқа бармайды.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!