Грекияда босқындар Афина алңында асылып қалған

Фотография - Грекияда босқындар Афина алңында асылып қалған

Бүгінде Грекия жерінде 20 мың мигрант барарға жер таппай сенделіп жүр

298 0

Грекия астанасы Афинаның орталық алаңында екі Пәкістан азаматы өз-өзіне қол жұмсады.

Абырой болғанда, маңайда жүргендер асылып тұрған жас жігіттерді ажал аузынан аман алып қалған. Куәгерлердің айтуынша, өмірден түңілген азаматтар мойнына қыл арқанды салар алдында жанында жүргендерге "мұндай қадамға Македония шекарасына жете алмағандықтан, амалсыз бардық" деп айқайлаған.

Бүгінде Грекия жерінде 20 мың мигрант барарға жер таппай сенделіп жүр. Себебі Еуропаға өтетін күре жол саналатын Македония 22 ақпан күні оңтүстік шекарасын жауып, жіті бақылау арқылы күніне 200 адам ғана өткізеді. Осыған байланысты Грекия Премьер-министрі Алексис Ципрас егер Еуропаның өзге елдері мигранттарды қабылдаудан бас тартса, Грекия босқындар мекеніне айналып отыра бермейтінін ескертті.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!