Ауғанда 35 адам тәліптердің тұтқыннан босатылды

Фотография - Ауғанда 35 адам тәліптердің тұтқыннан босатылды

Ауғанстандағы жағдай соңғы айларда ушығып тұр

337 0

Ауғанстан әскері "Талибан" лаңкестік ұйымының тұтқынында болған 35 адамды босатты. Сонымен қатар 7 содыр қамауға алынған.

Лаңкестікке қарсы операция елдің оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында жүргізілді. Экстремистердің қамауынан босатылғандардың 25-і – бала.

Айта кетейік, Ауғанстандағы жағдай соңғы айларда ушығып тұр. Бұрын тек ауылдық жерлерге шабуыл жасайтын "Талибан" радикалдары енді ірі қалаларға ауыз сала бастады. Бұл аз дегендей, былтырдан бері әлемді дүрліктірген *"Ирак пен Левант лаңкестік тобының" да елдегі ықпалы күшейген.

*ИСИМ - Қазақстан аумағында қызметіне тиым салынған террористік ұйым.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!