Британдық жолаушылар ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

Фотография - Британдық жолаушылар ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

Әуе кемесінің мұндай қадамға баруына техникалық ақау себеп болған

232 0

Британдық British Airways әуе компаниясына тиесілі А320 лайнері Францияның Бордо қаласына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Әуе кемесінің мұндай қадамға баруына техникалық ақау себеп болған. Әзірге бұл туралы ешқандай нақты ақпарат жоқ. Кейбір мәліметтерге қарағанда Испанияның Бильбао қаласынан Лондонға бағыт алған ұшақтың бортында 34 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Қазір олардың барлығы қауіпсіз аймаққа шығарылып, әуежай маңындағы қонақ үйлерге орналастырылды. Қазіргі таңда бұл іспен арнайы мамандар айналысып жатыр, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!