Лондонда мыңдаған адам ереуілге шықты

Фотография - Лондонда мыңдаған адам ереуілге шықты

Өз қарсылықтарын көрсету үшін ереуілшілер қала орталығындағы Гайд саябағынан Трафальгар алаңына дейін ұрандатып өткен

201 0

Ереуілшілер Ұлыбританияның ядролық күштерін қайта жаңарту үшін қыруар қаржы жұмсауына қарсы. Осы мақсатта Дэвид Кэмерон басқаратын үкімет мүшелері ел қазынасынан 45 млрд доллардан астам қаржы бөлуды жоспарлаған. Наразылық шеруге шыққандардың айтуынша ядролық бағдарламаға кететін қаржыны баспана құрылысы, білім немесе денсаулық сақтау салаларына жұмсау тұрғындар үшін тиімді болмақ. Өз қарсылықтарын көрсету үшін ереуілшілер қала орталығындағы Гайд саябағынан Трафальгар алаңына дейін ұрандатып өткен. Наразылық шеруді корольдіктегі либералды партия жетекшісі Джереми Корбин мен Шотлания ұлтшылдарының жетекшісі Никола Стёрджен ұйымдастырған. Шеру кезінде шаһардың орталық көшелерінде көлік қозғалысы тоқтатылды, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!