Украинада тұмау эпидемиясы тыйылды

Фотография - Украинада тұмау эпидемиясы тыйылды

Бір айға созылған эпидемия 336 украиналық азаматтың өмірін жалмады.

416 0

Бұл туралы осы елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Святослав Протас ресми мәлімдеді. 

Бір айға созылған эпидемия 336 украиналық азаматтың өмірін жалмады. Оның бесеуі – кәмелетке толмаған балалар. Мамандар жұқпалы аурудан қаза тапқандардың барлығы тұмауға қарсы егілмегенін әрі медициналық көмекке тым кеш жүгінгенін айтып отыр. 

Святослав Протас, Украина мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметі төрағасының міндетін атқарушы: - Өткен аптада елдің ешқандай облысында, ауданында ауруды жұқтырудың эпидемиялық шегі тіркелген жоқ. Дегенмен қазіргі таңда Украинаның алты қаласына тұмаудан қауіп төніп тұр. Ондағы 56 білім беру мекемесінде оқу уақытша тоқтатылған.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!