"Безумный Макс" "Оскардың" алты номинациясын жеңіп алды

Фотография - "Безумный Макс" "Оскардың" алты номинациясын жеңіп алды

Аталған туынды "Оскар" сыйлығын табыстау салтанатында бірден алты номинацияда топ жарды.

513 0

"Оскар" сыйлығын табыстау рәсімінде "Ессіз Макс: қаһар жолы" фильмі алты номинацияда жеңіске жетті.

Аталған туынды "Оскар" сыйлығын табыстау салтанатында бірден алты номинацияда топ жарды.

Атыс-шабыс жанрындағы фильмге арналған бірегей костюмдер үшін Дженни Беван марапатталды. Колин Гибсон мен Лиза Томпсон "Қоюшы-суретшінің үздік жұмысы" аталымын жеңіп алды. Үздік грим мен шаш үлгісі номинациясында Лесли Вандеруолт, Элка Вардега мен Дэмиан Мартин көзге түсті. Бұған қоса, "Үздік монтаж" үшін Маргарет Сиссель көптен күткен сыйлығына қол жеткізді.

Бесінші мен алтыншы "Оскарды" аталған кинокартина "Үздік дыбыс" пен "Үздік дыбысты үйлестіру" номинациялары бойынша жеңіп алды. 


Ертеректе, Оскар-2016 жұлдызды қонақтарының ең үздік көйлектер топтамасын ұсынған болатынбыз.

BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!