Қытайда белгісіз біреу бастауыш мектеп оқушыларын пышақтады

Фотография - Қытайда белгісіз біреу бастауыш мектеп оқушыларын пышақтады

Біреулердің айтуынша алған жарақатынан оқу орнының күзетшісі қайтыс болған.

297 0

Қытайдың оңтүстігінде оқыс жағдай орын алды. Хайнань провинциясында белгісіз бір ер адам бастауыш мектеп оқушыларына пышақпен шабуыл жасаған. Алдын ала дерек бойынша, шабуыл оқу орнынан алыс емес жерде орын алған. Оқиға салдарынан кемінде жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды Today.kz.

Белгілі болған бір жәйт, шабуыл жергілікті 12:00 шамасында жасалған. Оқу орнынының күзетшісі бұзақыны тоқтатпақ болған, алайда жарақат алған. Куәгерлердің айтуынша қылмыскер 30-40 жастар шамасындағы ер адам.

Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Біреулердің айтуынша алған жарақатынан күзетші қайтыс болған. Тағы бір оқушы хәл үстінде жатыр, ол дене жарақатын мойын тұсынан алған. 

Естеріңізге сала кетейік, мұндай жағдай швед школында да болған етін. Ол кезде маскадағы белгісіз ер адам қылышпен бірнеше оқушыны жаралаған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!