Қытайлық жұмысшы бастығының қымбат итін жеп қойған

Фотография - Қытайлық жұмысшы бастығының қымбат итін жеп қойған

Корги тұқымдас ит

Ол фабрикадағы дәретхана жанында кездескен итті қуып жетіп, таяқпен ұрып өлтірген

188 0

Қытайдың Сюйчжоу қаласындағы кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейтін Чжан атты жұмысшы басшысының итін жеп қойған.

Ол фабрикадағы дәретхана жанында кездескен итті қуып жетіп, таяқпен ұрып өлтірген. Артынша оның терісін сыпырып, етін қуырып, әріптестерімен бірге жеген, деп хабарлайды epochtimes.ru.

Келесі күні Чжан мен оның әріптестері фабриканың аумағын қаптап жапсырылған хабарландыруларды оқып шықты. Сөйтсе, қуырдаққа сойылған иттің қожайыны сол фабрика бастығы екен. Ол итті тауып алған адамға сыйақы ретінде 8000 юань ($1200) ұсыныпты.

Бастапқыда фабрика бастығы корги тұқымдас бұл итті 12 мың юаньға сатып алып, қызына сыйлаған. Мұны естіген Чжанның әріптестері оның қандай еттен қуырдақ пісіргенін бастығына айтып беріпті, деп жазады South China Morning Post. Басшы ашуланып барып, Чжанның жұмыс орнын тексерген кезде иттің терісінің қалдықтары мен пышақты тапқан.

Ақыры иттен қуырдақ пісірген Чжан мен тағы үш адам жұмыстан шығарылып ғана қоймай, түрмеге жабылды. Қазір оған "ұрлық қылды" деген айып тағылды.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!