Мексикада зика безгегін жұқтырғандар саны артып барады

Фотография - Мексикада зика безгегін жұқтырғандар саны артып барады

Өткен аптамен салыстырғанда зика безгегін жұқтырғандар 28 адамға артқан.

222 0

Мексикада зика безгегін жұқтырғандар саны 120 адамнан асты . Оның 11-і жүкті әйелдер. Бұл туралы РИА "Новости" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Мексикада бұл індет күн санап жайылып барады. Өткен аптамен салыстырғанда зика безгегін жұқтырғандар 28 адамға артқан. Ал жүкті әйелдер қатары соңғы екі аптаның ішінде екі есеге көбейді.

Мексиканың денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, мемлекеттің оңтүстік-шығысында орналасқан Чьяпасе штатында 57 адам, Оахака штатында 52 адам, Нуэво-Леонда 4 адам, Геррерода 3 адам және тағы бес штаттың әрқайсысында бір адамнан қатерлі індетке шалдыққан.

Зика – маймылдар арасындағы жұқпалы ауру. Ал адамдар арасында тарауына негізінен Aedes aegypti түріндегі масалар себепші болады. Індетті алғаш рет жұқтырған адам 1947 жылы Уганда мемлекетінің тұрғыны болатын. Осыдан соң Африка елдеріне тарады. Ауруды алғашқы кезеңінде анықтап білу мүмкін емес. Себебі, белгілері ашық түрде білінбейді. Дене қызуы аздап көтеріліп, бас ауруы, буын және бел аурулары, шаршау белгілері пайда болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!