Францияда босқындар лагерін сүру кезінде бүлік шықты

Фотография - Францияда босқындар лагерін сүру кезінде бүлік шықты

Шатырлардың бірінен өрт шығып, мұндағы жұрт тәртіп сақшыларына тас лақтыра бастаған

258 0

Францияның Кале қаласында бей-берекет салынған шатырлар, лас-қоқыстан арылмайтын "Джунгли" деген атпен белгілі мигранттар лагерін бұзу кезінде жаппай тәртіпсіздіктер белең алды.

Шатырлардың бірінен өрт шығып, мұндағы жұрт тәртіп сақшыларына тас лақтыра бастаған. Бүлікке босқындар ғана емес, сонымен қатар британдық құқық қорғау ұйымының мүшелері де қатысты. Наразы топты тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолданды. 1 мигрант пен 3 қоғам белсендісі қамауға алынған. Қақтығыс салдарынан 5 полиция қызметкері жараланды. Жергілікті билік 4 мың босқынды контейнерлер орналасқан қалашыққа көшіруді жоспарлап отыр. Бірақ мигранттар кейін оларды Францияда баспана алу үшін мәжбүрлеп, тіркетуі мүмкін деп есептейді. Бұл кірмелердің түпкі ойы – Ұлыбританияға өту.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!