Әйгілі актер Джордж Кеннеди қайтыс болды

Фотография - Әйгілі актер Джордж Кеннеди қайтыс болды

Актер 91 жасында дүниеден озды.

220 0

Әйгілі актер, 1968 жылы "Оскар" сыйлығының жеңімпазы Джордж Кеннеди 91 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы "Интерфакс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz  хабарлады.

Немересі Кори Шенкельдің айтуынша, актер Айдахо штатына қарасты Бойсе қаласында қайтыс болды.

Джордж Кеннеди – Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, 16 жыл бойы АҚШ әскерінде қызмет еткен. Соғыстан оралған соң, "Шарада" (Charade), "Тыныш, тыныш, сүйікті Шарлотта" (Hush, Hush, Sweet Charlotte), "Феникстің ұшуы" (Flight of the Phoenix) секілді бірнеше фильмдерге түскен.

"Салқынқанды Люк" (Cool Hand Luke) және "Ашық қару" (The Naked GunFrom the Files of Police Squad!) кинокартиналары арқылы атағы шарықтай түсті.

1968 жылы Джордж Кеннеди "Салқынқанды Люк" драмасындағы Драглайн рөлін сомдағаны үшін "Оскар" силығының "Екінші пландағы үздік актеры" атағын иемденді. Кино өнеріндегі еңбегіне байланысты Голливудтағы "Даңқ аллеясының" жұлдызы берілген



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!