Диярбақырда болған жарылыстан 1 адам көз жұмды

Фотография - Диярбақырда болған жарылыстан 1 адам көз жұмды

Салдарынан 1 адам қаза тауып, тағы 3-еуі жараланды.

168 0

Түркияның Диярбақыр қаласының Йенішехир ауданында жарылыс болды. Салдарынан 1 адам қаза тауып, тағы 3-еуі жараланды. Бұл туралы Haber7.com хабарлайды. Оқиға кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 23:00) болған. Жаралылар Дижле университеті Медицина факультетінің ауруханасына жеткізілді. Әзірге аудандағы үйде болған жарылыстың себебі белгісіз. Жойқын жарылыстан жақын маңдағы үйлердің де терезелері қираған. Оқиғаның себеп-салдары анықтау үшін полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!