Apple 21 наурызда жаңа үлгідегі өнімдер таныстырылымын өткізеді

Фотография - Apple 21 наурызда жаңа үлгідегі өнімдер таныстырылымын өткізеді

Алдын ала болжам бойынша, Apple компаниясы іс-шараны жылдағыдай Купертино қаласында өткізуі мүмкін.

186 0

Apple компаниясы 21 наурызда iPad планшеті мен iPhone 5SE смартфонының жаңа үлгілерінің таныстырылымын өткізеді. Бұл туралы "Интерфакс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Re/code порталының хабарлауынша, iPad Pro планшетінің диагоналы 9,7 дюйм болады. Сондай-ақ, Apple Watch "ақылды" сағатының жаңа үлгісіне ыңғайлы жаңа бау қосылады деп күтіледі.

Алдын ала болжам бойынша, Apple компаниясы іс-шараны жылдағыдай Купертино қаласында өткізуі мүмкін. Салтанатты кеш өтерден бір күн бұрын Калифорнияның соты Apple мен АҚШ-тың федералдық тергеу бюросы арасындағы мәселені қарайды.

Компания әзірге ақпарат құралдарына жаңа өнімдердің таныстырылымы өтетіні туралы хабарландыру беруді бастаған жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!