Ирактың 1,5 миллион тұрғынын су басып қалуы мүмкін

Фотография - Ирактың 1,5 миллион тұрғынын су басып қалуы мүмкін

Сол себепті Тигр өзенінің төменгі жағында тұратын халық шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірілуі тиіс

155 0

Ирактың Мосул қаласындағы дамба кез келген мезетте опырылып құлауы мүмкін. Сол себепті Тигр өзенінің төменгі жағында тұратын халық шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірілуі тиіс. Елдегі АҚШ елшілігі осылай деп дабыл қағып отыр. Дипломатиялық миссия қызметкерлері Ирак билігіне баяндама жасаған. Онда 1,5 миллион тұрғынның өміріне қауіп төніп тұрғаны жайлы жазылған. Елдің премьер-министрі алдын алу шараларының барлығы жүргізілгенін айтып отыр. Жалпы, Мосул қаласындағы бұл дамбы 1984 жылы топырағы бос, жұмсақ жерге тұрғызылған екен. Сондықтан оны үнемі тексеріп отыру керек. Алайда 2014 жылы су бөгетін "Ирак пен Леванттың лаңкестік тобы" басып алғаннан кейін оған тиісті қызмет көрсетілмей келеді, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!