12 жыл мұздатылған эмбрионнан дені сау бала дүниеге келді

Фотография - 12 жыл мұздатылған эмбрионнан дені сау бала дүниеге келді

Баланың салмағы – 3 келі 440 грамм, бойы – 48 сантиметр.

395 0

Алғаш рет Қытайдың Сиянь қаласында 12 жыл бұрын мұздатылған эмбрионнан дені сау бала дүниеге келді. 

Жергілікті дәрігерлердің бұл жетістігін бүкіл ел болып, сенсацияға балап жатыр. Өйткені жаңа туған сәбидің егізі биыл 5-сыныпқа барады. Осыдан 12 жыл бұрын жасанды жолмен бала сүюді жоспарлаған ерлі-зайыптылар Сияньдағы клиниканың көмегіне жүгінеді. Сол кезде 12 эмбрионның екеуін құрсағына салып, 2004 жылы бір сәби сүйеді. Ал қалған 7 ұрықты тоңазытып қойған. Былтырдан бері Қытай екі бала өсіруге рұқсат берген соң жасы келіп қалса да, тағы да жүкті болуға бел буған. Сөйтіп, шекесі торсықтай ұл дүниеге келді. Туғанына үш-ақ күн болса да, дәрігерлер жаңа туған сәбидің негізгі жасы 12-де деп әзілдейді. 

Цзян Сюнь, "Танду" ауруханасы директорының орынбасары:

 - Баланың салмағы – 3 келі 440 грамм, бойы  – 48 сантиметр. Дұрыс дамыған сәби дүниеге келді. Біз 12 жыл бұрын мұздатылған эмбрионнан дені сау бала туатынына сенімді болған жоқ едік.


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!