Трамп мұсылмандар жайлы айтқанын қайтып алуға мәжбүр болды

Фотография - Трамп мұсылмандар жайлы айтқанын қайтып алуға мәжбүр болды

"Сасқан үйрек артымен сүңгиді" демекші, дау ушығып, басы бәлеге қалған Трамп енді өз сөзінен айнып отыр.

288 0

АҚШ-ның президентігіне үміткер Дональд Трамп New York Times баспасөз орталығына берген сұхбатында мұсылмандар жайлы айтқандарын қайтып алғанын мәлімдеген.

Оның АҚШ аумағына мұсылмандарды кіргізбеу туралы және Мексика мемлекетінен қоршау салып қорғану қажеттігі жайлы айтқандары қоғам арасында үлкен дау туғызған болатын.

"Сасқан үйрек артымен сүңгиді" демекші, дау ушығып, басы бәлеге қалған Трамп енді өз сөзінен айнып отыр. Сұхбатта айтылғандай, Дональд Трамп шынайы өмірде мұсылмандар мен мексикалықтар қатынасында мұндай радикалды шектеулер жасамас ем деп жалтарған көрінеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!