Мәскеуде баланы өлтірген қараушыны қылмысқа итермелеген болуы мүмкін

Фотография - Мәскеуде баланы өлтірген қараушыны қылмысқа итермелеген болуы мүмкін

Тергеу әйелдің жалғыз болмаған деп пайымдауда

443 0

Тергеушілер Мәскеуде төрт жасар қызды өлтірген Өзбекстан азаматы Гюльчехра Бобокулова қылмысқа жалғыз кінәлі емес, оны итермелеушілер болған деуде, деп жазады Today.kz ресейлік ТАСС баспасына сілтеме жасай отырып. Тергеушінің айтуынша, олардың тұлғасы әлі анықталған жоқ, іздеу жарияланды.

"Қазіргі кезде қылмысқа қатыстылар мен итермелеушілер анықталған жоқ", - дейді тергеуші Бобокулованың қамау түрі шешіліп жатқан Мәскеудің Пресненск сотында.

Тергеу Бобокулованы 29 сәуірге дейін қамауға алуды сұрап отыр. Ал 4 наурызда оған ресми айып тағылады. Гюльчехра Бобокулова өзінің қамауға алынуына қарсы еместігін айтады.

Сот отырысы кезінде бала күтуші өзін еркін ұстады. Ол күйеуімен ажырасқанын,  Өзбекстанда туыстарымен тұрып жатқан 20, 19 және 16 жасар балалары барын айтып берді.

Журналистер сұрағына Бобокулова баланы өлтіруге "Аллах бұйырды" депті. Ол баланы өлтіргенін мойындап, өкінетіндігін айтқан.

Сейсенбі күні тергеушілер күдіктіден сұрау алған болатын. Ол ажырасқаннан кейін азаматтық некеде тұрғанын айтты. Оның айтуынша, бірінші некеден туған үш баланы одан тартып алған.

"Біз онымен ажырасқанбыз, үшінші ұлдан кейін мені далаға қуып шықты. Ол Өзбкстанда тұрады. Үш бала үш жақта – біреуі күйеуіммен, екіншісі – менің әкеммен, үшіншісі күйеуімнің әпкесімен. Олар мені далаға қуды. Бұл адамдық па?" - дейді Гюльчехра Бобокулова.

Құқық қорғау органдарындағы мәлімет көзінің айтуына қарағанда, Бобокулова, алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс жасау кезінде өткір психикалық ауытқуда болған.

Бобокулова 29 ақпанда "Октябрьское Поле" станциясының маңында баланың кесіп алған басын ұстап жүрген кезде ұсталған болатын. Әйелдің пәтерде ешкім қалмаған кезде қарауға қалдырған баланы өлтіріп, пәтерді өртеп жіберген.

Ресейлік БАҚ беттерінде Өзбексатандық әйелдің бірнеше жыл бойына шизофрениямен сырқат екенін, сол себепті тергеу оны есі ауысқан деп танып, күшпен емдеуге жіберуі мүмкін деген ақпарат тараған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!