БҰҰ босқындарға арналған 20 орталық ашпақ

Фотография - БҰҰ босқындарға арналған 20 орталық ашпақ

Орталықтар "көк нүктелер" деп аталады

230 0

БҰҰ босқындар жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы мен ЮНИСЕФ балалар қоры "Көк нүктелер" деп аталатын 20 орталық ашатын болды.

Ол орталықтар босқындар жиі жүретін бағыттар бойынша орналасады. Қазірдің өзінде оған дайындық жұмыстары басталып кеткен. Алдағы 3 айда жоспар бойынша осындай орындар Македония, Сербия, Хорватия, Словения және Грекияда ашылмақ. Ал осы орталықтарда медицина мамандары, адвокаттар және психологтар жұмыс істейтін болады.

Иван Шимонович, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Бас хатшысының көмекшісі:
- Қазірдің өзінде Кәрі құрлықта қадағалаусыз қалған 10 мыңнан астам бала бар. Сәйкесінше, олар адам саудасының құрбанына айналуы мүмкін. Біз осы жағдайларды болдырмау үшін жоғарыдағыдай қадамға барып отырмыз.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!