Газа секторында соңғы 20 жылда алғаш рет кинотеатр ашылды

Фотография - Газа секторында соңғы 20 жылда алғаш рет кинотеатр ашылды

Алғашқы көрсетілімге 150 адам келген

335 0

 Олардың көпшілігі кинотеатрды алғаш көріп отыр.

Аймақта мұндай орындар 1987 жылы Израильге қарсы көтеріліс кезінде өртеніп кеткен. 1990 жылдары олар енді қалпына келтіріле бастағанда қақтығыстар қайта басталып, 1996 жылы кинотеатрлар түгелмен қираған болатын. Содан бері 2 миллион Газа тұрғыны киноны тек үй жағдайында ғана көре алды. Алайда 20 жылдан кейін ашылған кинотеатрларда шетелдік экшн-фильмдер жоқ. Себебі аймақты басқаратын ХАМАС тобы тек тәуелсіздік үшін күрес жайлы фильмдерді көрсетуге рұқсат берген.

Сафи Болбол, Газа секторының тұрғыны:
 - Аймағымызда ашылған кинотеатр біз үшін қуаныш десем болады. Бұған дейін мұндай дүние болмаған. Сондай-ақ бұл таңқаларлық жағдай деп ойламаймын. Өйткені біздің өміріміз соғыспен ғана байланысты.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!