ИСИМ Дамаскте өз жақтастарымен соғысып жатыр

Фотография - ИСИМ Дамаскте өз жақтастарымен соғысып жатыр

Сирия астанасының оңтүстік-шығысында террористік топтар арасында кескілескен шайқас жүріп жатыр.

236 0

Бұрын ИСИМ-ге қарсы шықпаған "Джабхат ан-Нусра" тобы өз құрамына кіретін қарулы шағын топтарды оған бергісі жоқ. Жасақтарды бөлісе алмаған топтар қазір террористерге осыған дейін ортақ база саналып келген Ярмук лагерінен 5 шақырым жерде бірімен бірі шайқасып жатыр. 

Қақтығыс барысында "Джабхат ан-нусраның" Ярмук лагерін басқарушысы Абу Хайдер аль-Урдуни оққа ұшты. 

Жалпы бұрын осы лагерьде шетелдік жалдамалы содырлар мен «Джабхат ан-Нусраның» содырлары тұрған. Ал ИСИМ болса, лагерь құрамына тек жарты жыл бұрын кірген, деп хабарлайды "Лайф Ньюс".

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!