Испанияда 97 жылдық тарихы бар фестивальді өткізуге тыйым салынды

Фотография - Испанияда 97 жылдық тарихы бар фестивальді өткізуге тыйым салынды

"Уақыт бір қалыпта тұрмайды. Қоғам өзгерді", – деді бұл шараға қарсы шыққан қала мэрі Монтсе Миндан.

419 0

 Испанияның Жирона провинциясына қарасты Росас қаласында 97 жылдық тарихы бар фестивальді өткізуге тыйым салынды. Бұл туралы newsru.com сайтына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

"Үйрек лақтыру" немесе "үйректің соңынан қуу" деп аталатын фестивальдің басты шарты, қайық үстіндегі адам лақтырған үйректі суда жүзіп жүргендер ұстап алып, жағаға шығаруы тиіс. Бұл шара Росас қаласында әр жылдың тамыз айында 97 жыл бойы үздіксіз өткізіліп келген. Алайда соңғы жылдары жануарларды қорғаушылар бұл іске бірнеше рет қарсы шықты. Нәтижесінде жеңіске жетіп, фестиваль 2016 жылдан бастап өткізілмейтін болды.

Шешім бірауыздан қабылданған жоқ. Фестивальді қолдағандарға бір дауыс жетпей, жеңіліп қалды. Жергілікті биліктің мұндай шешім қабылдауына өткен жылғы оқиға себеп болды. Фестиваль кезінде іс-шараның өтуіне қарсы шыққан адамды қолындағы үйрегі бар әйел соққыға жыққан.

"Уақыт бір қалыпта тұрмайды. Қоғам өзгерді", – деді бұл шараға қарсы шыққан қала мэрі Монтсе Миндан. Сондай-ақ, қалалық кеңес бұқалардан қашу дәстүріне тыйым салу жайлы мәселені талқылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!