Ыстамбұлда лаңкес әйелдер полицияға қарсы оқ атты

Фотография - Ыстамбұлда лаңкес әйелдер полицияға қарсы оқ атты

Аталған операцияға полицияның тікұшағы да жұмылдырылған.

225 0

 Ыстамбұлда полиция қызметкерлері екі террорист жасырынған ғимаратты қоршауға алып, шабуылды бастады. Бұл туралы РИА "Новости" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Түрік полициясы екі лаңкес жасырынған ғимаратты шабуылдауды бастап кетті. Бұған дейін бұл екі әйел Ыстамбұлдағы полиция бөліміне басып кірген болатын. Бұл жөнінде оқиға орнынан NTV телеарнасы хабарлады.

Бұдан бұрын Ыстамбұл қаласының Байрампаша ауданында екі әйелдің полиция бөлімінің жанынан өтіп бара жатқан тәртіп сақшыларының автобусына екі граната лақтырып, оқ атқаны жөнінде хабарланған болатын. Әйелдер осыдан кейін таксиге мініп, іздерін жасырмақ болған. Кейін олар көліктен шығып, тұрғын үйлердің біріне жасырынып қалған. Бұл үйлерді полиция толығымен қоршауға алды. Қақтығыс кезінде лаңкестердің бірі, сондай-ақ, бір полиция қызметкері қолынан жарақат алған.

Аталған операцияға полицияның тікұшағы да жұмылдырылған. Лаңкестер бой тасалаған үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды. Шабуыл жүргізіліп жатқан аумақ толықтай қоршауға алынып, көлік қозғалысы тоқтатылған. Бастапқыда полиция қызметкерлері әйелдерді дауыс ұлғайтқыш құралы арқылы жарты сағат бойы өз еркімен берілуге шақырған. Жауап болмаған соң арнайы жасақ шабуылға көшті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!