Ұлыбритания Францияның босқындар мәселесін шешуі үшін 20 млн еуро бөлмек

Фотография - Ұлыбритания Францияның босқындар мәселесін шешуі үшін 20 млн еуро бөлмек

Бұл туралы Францияның Еуропа істері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Арлем Дезир мәлімдеді

378 0

Ұлыбритания Францияның портты қаласы Кале маңындағы босқындар мәселесін шешу үшін 20 млн еуро бөледі. Бұл туралы Францияның Еуропа істері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Арлем Дезир мәлімдеді. Айтуынша бөлінген қаржы босқындар лагерін қалпына келтіруге, сонымен қатар Ла-Манш астымен өтетін Еуротуннель күзетін күшейтуге және босқындарды заңсыз тасымалдаумен күреске жұмсалады. Соңғы жылдары Еуропа елдерінің есін шығарған мигранттар мәселесі бойынша өзара ынтымақтастықты арттыру үшін Франция Президенті Франсуа Олланд пен Карольдік Премьер-министрі Дэвид Кэмерон кездесті. Ресми шара Францияның Амьен қаласында өтіп жатыр, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!