Перуде су тасқыны мен лай көшкінінен қаза тапқандар 11 адамға жетті

Фотография - Перуде су тасқыны мен лай көшкінінен қаза тапқандар 11 адамға жетті

Жауын-шашын 200 шақырымнан астам жолды шайып кеткен

424 0

Табиғат апатынан 588 үй қирап, 5 мыңнан астам адам зардап шеккен. Осыған байланысты 42 аймақ пен бірнеше қалада төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлады 24.kz.

 Жауын-шашын 200 шақырымнан астам жолды шайып кеткен. Оның ішінде ел астанасы Лимаға азық-түлік жеткізетін басты магистраль бар. Мамандар апатқа Тынық мұхитының экваторлық бөлігінде температураның ауытқу құбылысы себеп деп отыр. Мұндай жоғарғы ауа температурасы Перуде соңғы 20 жылда болмапты.

 - Толассыз жауған нөсерден кейін Римак өзені арнасынан тасып, жолдарды шайып кетті. Біз осыдан көп зардап шектік. Биыл 1997 жылы әр секундына 100 мың текше метр жауын-шашын түскен жағдай қайталанды, деп мәлімдеді Перу Президенті Ольянта Умала




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!