Нигерия әскері содырлар тұтқынға алған 63 адамды босатты

Фотография - Нигерия әскері содырлар тұтқынға алған 63 адамды босатты

Құтқару операциясы кезінде 5 лаңкестің көзі жойылып, экстремистердің қару-жарақ қоймасы жойылды

241 0

Нигерия әскері елдің солтүстік-шығысында "Боко Харам" содырлары тұтқынға алған 63 адамды босатты. Құтқару операциясы кезінде 5 лаңкестің көзі жойылып, экстремистердің қару-жарақ қоймасы жойылды. Бұдан басқа сарбаздар «Боко Харамның» жаттығу лагерін анықтап, талқандаған. Айта кетейік, "Боко Харам" хауса тілінде «батыстық білім харам» деген мағынаны береді. Лаңкестік ұйым мүшелері қатаң ережелерге негізделген мемлекет құруды көздейді. Соңғы 6 жылда олардың қолынан 17 мың адам ажал құшқан, деп жазды 24.kz.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!