Сирия түгелдей жарықсыз қалды

Фотография - Сирия түгелдей жарықсыз қалды

Электр тоғының аяқ астынан үзілуі елдегі ақпарат жүйесін де зақымдаған.

254 0

Сириялық Sana ақпарат орталығының хабарлауынша, елдің барлық аумағы электр жарығынсыз қалған. Әзірге апатты жағдайдың себептері анықталмаған.

Электр тоғының аяқ астынан үзілуі елдегі ақпарат жүйесін де зақымдаған. Қазіргі уақытта мамандар жөндеу жұмыстарына кіріскені айтылады.

Естеріңізге сала кетейік, Сирияда 27 ақпанда күшіне енген бейбіт келісімге қарамастан, оқ атуды тоқтату туралы бітім тағы бұзылды. 

Дамаск провинциясында "Джебхат Сивар Сурия" лаңкестік тобының штабы қасында жарылыс болды. Салдарынан 20-дан астам содыр көз жұмған. Мұнда лаңкестік топ басшылары жиналыс өткізіп жатқанда көлікке қойылған жарылғыш зат іске қосылыпты. Шабуылды кімнің ұйымдастырғаны әзірге белгісіз. Айта кеткен жөн, "Джебхат Сивар Сурия" – Сирияның Ливанмен шекарасындағы шағын ауданды бақылауында ұстап отырған ұйым.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!