Гайанада түрмедегі өрттен 16 адам қаза тапты

Фотография - Гайанада түрмедегі өрттен 16 адам қаза тапты

Полицияның мәліметі бойынша, сотталғандар түрменің ішкі тәртібіне бағынбаған

316 0

Гайана астанасы Джорджтаундағы түрмеден бүлік шығып, қанды қырғынның соңы өртке ұласты. 16 адам тірідей жанып кеткен. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасаған "Ассошиэйтед Пресс" агенттігі хабарлайды. Полицияның мәліметі бойынша, сотталғандар түрменің ішкі тәртібіне бағынбаған. Оның үстіне, абақтыда жазасын өтеушілер саны шамадан тыс көп болған. Одан басқа олар сот шешімдерінің уақытынан кеш шығатынына да наразылық танытыпты. Колония 500 адамға арналған. Ал қазір онда мыңға жуық адам жазасын өтеп жатыр, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!